Білімнен мол сый-асы, Балғындардың ұясы. (Мектеп) *** Ақыл-ойдың шырағы, Зәулім көктей шынары. Биігіне бойлаған, Қанбайды адам құмары. (Білім) *** Білімнің жол басшысы, Шәкірттің қолбасшысы (Мұғалім) *** Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз) *** Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді. (Ұстаз) Ұшымен қазық Тор көзді жазық. Үстіне өттім, Асыл сөз жазып. (Дәптер) *** Кішкене құдықтан, Найза ұшты шыбығым, Су ішіп құныққан. (Сиясауыт) *** Қабы сояу, Діні – бояу. (Қарындаш) *** Қысқа таяқ діңі бар, Шиырлаған ізінде Сайрап тұрар тілі бар. (Қарындаш) *** Ойларынды аңсаған, Асыл сөзді ақ алаңға, Түсіруден шаршаған, Мен емеспін әмәнда. (Қалам) *** Тіл жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде. (Қаламсап) *** Бар ойынды жиямын, Ақ қағазға құямын. (Сия) *** Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш) *** Елдері мен қаласы, Ойпаты мен даласы. Теп-тегіс тақтай-ды, Өзені де ақпайды, Тоғайы мен тауы бар, Бұл не, өзің тауып ал. (Карта) *** Бір санға өсірді, Өзі қалып орнында, Бізді алға көшірді. (Класс) *** Төрт қырлы, өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. (Бор) *** Қаласы бар, елі жоқ, Даласы бар, шөбі жоқ. Мұхиты бар, суы жоқ, Орманы бар, нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегіс, Құмдары да теп-тегіс, Кең жазықтан әр түсті, Шығыс пенен батысты – Бар әлемді табасың, Өзің таң боп қаласың! (Географиялық карта) *** Былғанышты жақтырмайды, Ол бар жерде дақ тұрмайды. Бірақ тағы өз үстінен, Таза бір жер таптырмайды. (Сорғыш)
*** Үстінде есігі, Өзі орындық, әрі үстел, Оқушылар бесігі. (Парта) *** Әңгіме, аңыз, ертегі, Нотасы мен әні бар. Суретін де көр тегі, Қандай журнал бәрі бар? («Балдырған») *** Ілулі тұр кең алаң, Керегімді мен одан. Жазып алам көшіріп, Сүртем сосын өшіріп. (Тақта) *** Оқуыма төреші, Тоқуыма төреші. Парақтасам байқалар. Білімімнің өресі, Онда және жазылған, Кестем де бар келесі. (Күнделік) *** Доп сынды келбеті, Онда бар түп-түгел, Әлемнің әлпеті. (Глобус) *** Білім менен тәлім, Парақты ашқанда Беттерінен мәлім. (Күнделік) *** Оқу-білім аспабы, Қоймасының бас қабы. Бөлмесі де бірнешеу, Тиегі бар ашпалы. (Сөмке) *** Көкқұтанша ақ айдында, Бір аяқпен тұрады. Тұмсығымен ол мұнда, Шыр айналып шығады. (Циркуль) *** Қырық екі жауынгер, Сапын түзеп тұрады. Бүлдіршіндер Қауымды ел, Сырын терең ұғады. (Алфавит) *** Күміс алмұрт тілі бар, Сыңғырлаған үні бар. Шақыратын білімге, Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау) *** Денесі бар шыбықтан, Темір тұмсық құдықтан, Сусын алып ішеді, Ойы із боп түседі. (Қаламсап) *** Бөлінгенді табыстырып, Біріктірсе қабыстырып. Жымдастырған жігін де, Байқамасың түгін де. (Желім) *** Жақсыменен тең көрген, Ата-ана да жөн көрген. Орындықпын төңкерген. (Төрттік) *** Сансыз ойлар бетінде, Сайрап жатыр бар тілде. Қажетпін мен әр күнде, Өшпейді бір әрпім де. (Қағаз) *** Қабат-қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап) *** Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан? (Әліппе) *** Мектептің алтын орағы, Зейінділер одағы. Жақсы көрер бар бала, Зерекке дос ол дағы. (Бестік) *** Ойды аяқтап қорытады, Соңында доп тұрады. (Сөйлем)