«Ш»-дан бастап жазғанда, Шай қайнатып аласың, «Ш»-ны орнынан алғанда, Терезеге саласың (Шәйнек -Әйнек) *** «К»-ден бастап оқысаң, Құс атауы, қарашы! «Е»-ден бастап оқысаң, Жалқау бала бағасы. (Кекілік-Екілік) *** Егер «И»-ден бастасаң, Хайуанаттың түрімен. «И»-ді алып тастасаң, Әріптердің бірімін (Ит-Т) *** Қиғылықты қыңыр қылды, Құрықты қиды, қырықты. Құрықты қырқып құртты. *** Қайратжан қой бағады, Қойы егізден табады. *** Оңға қарай, Оқысаң да – бір халық. Солға қарай Оқысаң да – бір халық. Бір буыным – құс, Бір буыным – түс. (Қазақ, Қаз, Ақ) *** «К»-деп егер бастасаң, Шомыласың суына (Көл) *** «Т»-дан егер бастасаң, Төрт түліктің баласы (Төл) *** «Ш»-дан егер бастасаң, Жазда аунайсың құмына. (Шөл) *** «С»-дан егер бастасаң, Ақ қайыңнан аласың (Сөл) *** Сөз басында «Б»-болса, Бас киімің боламын. Сөз басында «Ө»-болса, Жазда пісін соламын. (Бөрік-Өрік) *** Егер «М»-ден бастасаң, Тағамның бір түрімін. «М»-ны алып тастасаң, Түнгі аспанның нұрымын. (Май-Ай) *** О-дан бастасаң, Тәуір дейді, мені кім? О-ны алып тастасаң. Мен ешкінің төлімін (Ол – ақ-лақ) *** Егер «С»-дан бастасаң, Бір баласы қазақтың. С-ны алып тастасаң, Ең тәуірі ол, тамақтың. (Сайран-айран) *** «Ж»-дан бастасаң, Жыл мезгілі болады. «К»-дан бастасаң, Құсқа айнала қалады. (Жаз-қаз) *** «К»-дан егер бастасаң Түндей қара бір түспін. «Ш»-дан егер бастасаң Ернеуі кең ыдыспын (Қара-шара) *** Алғашқы буыны – құс, Соңғы қос әрпі – түс. Екеуін қосып жіберсең, Көл жағалап тік өсем. (Құр; Ақ; Құрақ) *** «Ү» тұрса қызып табаны, Қыртысты жазып тегістер, «Ү» түсіп қалса жаманы, Құлама болар тегіс жер. (Үтік-Тік) *** Майысқақпын, нәзікпін, Садақ болып иілем. Соңғы әріп «Н» болса, Қалдығына азықтың, Қоқыстарға үйілем. (Шыбық-Шыбын) *** Ұқсайтұғын жылқыға, Қамыс құлақ көлікпін. «К» орнына «П» қойсаң, Ойлантуға берікпін. (Есек-Есеп) *** Шалқимын арнамда – бесікте, Ал бірақ тұрмаймын тесікте. Алғашқы дыбысым өзгерсе, Көкте ұшып жүремін, көшіп те. (Су-Бу) *** Кезерді ерінің, Шөбі болмас жерінің. «Ш» орнына «К» тұрса. Өсімдіктің нәрімін. (Шөл-Көл) *** Бір адам шаттанса, Мен оған бауырмын. «Б»-ны «У»-ға ауыстырса Өлшеммін, дәуірмін. (Бақыт-Уақыт) *** Қақ тіліп жотаны, Қасқайып жатады. «Ж» орнын «Қ» басса, Адамнан табады. (Жол-Қол) *** Сән берем, әркімге, көңілге, Ұқсаймын көктемгі өңірге. Әріпті бастапқы сызса егер. Жөн сілтер ұстазбын өмірге. (Мата-Ата) *** «Қ» әрпінен бастасаң, Көмірге ұқсас түрім бар. «Қ»-ны сызып тастасаң, Жасаймын шөп гүлін бал. (Қара-Ара) *** «Қ» орнына «Д» қойсаң, Боламын кеңістік. (Қала-Дала) *** Шеге қағар шеберге, Ең қажетті құралмын. «Б»-ны өшірсең егер де, Жігер берер ұранмын. (Балға-Алға) *** Қатты соғып жүрегім, Қорқып, үркіп жүремін, «Қ» орнына «Н» қойсаң, Күшке толар білегім. (Қоян-Ноян) *** Жатам құстар тобына, Азығымын адамның. «Ы»-ны қоссаң соңыма, Жылқы етімін – тағаммын. (Қаз-Қазы) *** «Ж» әрпімен бастасаң, Көрінеді бар маңым. «Ж»-ны сызып тастасаң, Су ағатын арнамын. (Жарық-Арық) *** Ақ бояуға қанықпын, Бағалымын, мамықпын. Бас әріпім алмасса, Төрт бұрышты жазықпын. (Мақта-Тақта) *** Жасыл желек алабым, Жыл маусымы боламын. Алғы әріпті өшірсең, Ең әдепті боласың. (Сүлгі-Үлгі)
*** Бойында өссем тоғанның, Кіргізем дәмін тағамның. Соныма қоссаң бір әріп, Үндемей жүрер адаммын. (Жуа-Жуас)
*** Тәтті дәм үш әріп алғашқы, Соңына қос әріп жалғасты, Сен одан өзіңе табасың Дауылдан қорғанар панасын. Екеуі біріксе егерде, Суда өсіп, жүзеді тереңде. (Бал; Ық; Балық)
*** Желбіретіп үкімді, Сулы жерде жайқалам. «Қ» орнына «Т» қойсаң, Қоныстанып жай табам. (Құрақ-Тұрақ)
*** Сұйықпын да тазамын, Басамын жер тозаңын. «С» орнына «Б» қойсаң, Бозғылт боп тозамын. (Су-Бу)
*** Бір құлаштай матамын, Жуынғанда аласың, Сая жермін, Тұратын Құстар әні естіліп, Сөз соңына «А» қоссаң, Сауық сайран құрамын, Шалшық көлде кешкілік. (Бақ-Бақа)
*** Алғашқы буыным, Көшті бастар ұлымын. Сосын тоғай нуының Жыртқышының бірімін. Екеуін қоссаң ірімін – Көп аңдардың дүрімін. (Жол-Барыс-Жолбарыс)
*** Жайнаған жер үсті, Мекенмін келісті. Бірінші әріп ауысса, Айдынға ұшып қонамын. (Жаз-Қаз) *** Шуақты мол төгемін, Гүлге бөлеп беремін. Бас әріпті өшірсең, Көкіректі керемін. (Көктем-Өктем)