Бөлінейік екіге, Тұрайық жолдың шетіне, Қол ұстасып алайық, Ажырамастай бекіне.
Бірінші топ:- Ойынға бала көп керек, Қалмасын ешкім өкпелеп. Ақсерек – Көксерек, Сіздерге бізден кім керек?Екінші топ:Мықты біздің шебеміз, Бұздырмаймыз, тегі, біз, Болса сынап көріңіз, Күшіңіз бен ебіңіз. Біздің берік араны, - Екпінмен соғып қалады. Бұзса олжа алады, Бұзбаса тұтқын болады. Шақырамыз сынаққа, … – деген баланы.