1
Главная » Қазақша » » Жаңылтпаштар [ Добавить статью ]

-Б-
Байтан тай таңдады, Таңдаған тайы тайтаңдады. Бұған кейіген Байтан тағыТайтаңдамайтын тай таңдады.


Бал аралар, бар аралар 
Балалармен бірге бау аралар. 
Бар балалар арамен ағаш аралар.


Баласы шашын жібітіп отыр, 
Атасы насыбайын үгітіп отыр. 
Апасы түбітін түте алмай, 
Ұрысып отыр.


Балтабай
Мал таба алмай жүр.
Баласы тал таба алмай жүр,
Ағасы бал таба алмай жүр,
Балтабай әлі мал таба алмай жүр.


Барсакелмес - барсакелмейтін, 
Келсе бармайтын жер емес. 
Барып-келіп жүргендер де, 
Барғысы келіп жүргендер де жоқ емес.


Барша шырша — жасыл шырша.
Жасыл шырша — асыл шырша.


Бидай көже
 Сөк көже
Екеуі де 
Тоқ көже. 
Көзден ұшқан, 
Жоқ көже.


Бөкпен жеген 
Бөпем екен. 
Бөпем бекпен 
Төккен екен.


Бұзау бұлқынып, 
Мойыншағын үзе ме? 
Мойыншағын үзген соң, 
Ол біреуді сүзбей ме, сүзе ме?


Біздің бағлан 
Бапкер бағлан. 
Бағы бітік, 
Бақ бағынан.


Бір аға
Прагаға кетті. 
Бұл аға Прагаға 
Негізгі Құрамада кетті.


 

Источник:

Категория:
Жаңылтпаштар
| Добавил: admin (04.01.2014) | Автор: E W
Просмотров: 969 | Комментарии: 0 | Теги: | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:

Меню сайта
Қазақша
Наш опрос
Оцените сайт
Всего ответов: 743
Мини-чат
Copyright MyCorp © 2024
Darushov Aibek
▲ Вверх